
фото: pixabay.com
16 сәуірден бастап пилоттық режимде жолақы төлеудің жаңа тәсілі енгізіледі, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Алматы метрополитенінің мәліметінше, бұл баламалы төлем тәсілі жолаушыларға интернет желісіне қосылмай-ақ QR-код арқылы жолақы төлеуге мүмкіндік береді.
Аталған шешім жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген және метроны пайдалану ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.
QR-код арқылы төлем жасау үшін Onay қосымшасын қолдану қажет.
— Алматы метросы көлік саласының ажырамас бөлігі, күн сайын метро 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды, оның 65%-дан астамы Onay бірыңғай көліктік картасымен жол ақысын төлейді. Барлық төлем әдістері әдеттегідей қолжетімді болады және QR-мен бірге жұмыс істейді, — деп хабарлады метрополитен.
Жаңа тәсіл бойынша жолақыны төлеу үшін:
1. ONAY! қолданбасын телефонда ашыңыз.
2. Негізгі беттің төменгі жағында QR түйменібасыңыз.
3. «QR кодты жасау» таңдаңыз-ол байланысболмаған кезде де жасалады.
4. QR кодты турникеттегі камераға көрсетіңіз.
5. Жүйе балансты тексереді, турникет ашылады.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі/vecher.kz.
Бұл - жолаушыға динамикалық түрде жасалған QR код арқылы сапарды тіркеуге мүмкіндік беретін технология, мобильді қолданба үшін интернетке кіру қажет емес, қолданба офлайн режимде кодты шығарады. Басқаша айтқанда, егер әдеттегі нұсқада статикалық терминал QR шығарып, пайдаланушы оны мобильді қосымшаның көмегімен оқытса - бұл технология бойынша QR тікелей қосымшада жасалады және жолаушы оны арнайы камерамен сканерлеп турникетке қол жеткізе алады, деп хабарлады aqshamnews.kz.
Алматы метросы көлік саласының ажырамасбөлігі болып табылады. Метрополитенде жолақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады: жетонмен, банк картасының көмегімен, метроның жол жүру ақысын толықтыратын смарт-картасымен немесе ONAY! көлік картасының көмегімен. Барлық төлем әдістері әдеттегідей қолжетімді болады және QR-мен бірге жұмыс істейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через