
фото: pixabay.com
Айыппұл арқалап шаршаған азамат бақылау камераларына оқ атып, сындырып тастаған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан тұрғыны жол ережесін қадағалайтын 52 құрылғыны істен шығарып, қазір істі болып жатыр.
49 жастағы ер адам Андижан қаласындағы 29 көшенің қиылысын түсіріп тұрған бақылау камераларын бүлдірген. Құрылғыны алыстан пневматикалық қарудан атыпты.
Осылайша, ол мемлекетке 1 миллиард сум, яғни 40 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Айтарлықтай айыппұлды өтеу үшін атқыш халықтан көмек сұрап, үндеу жасады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через