
фото: https://www.istockphoto.com/
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты күшіне енеді. Бұл туралы Астанада өткен дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Жаңа талаптар ЮНИСЕФ, Оқу-ағарту министрлігі және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Жаңа стандарт құрамында қант пен тұзы аз, ал көкөніс, ақуыз, сүт өнімдері көп теңгерімді тағам мәзірін енгізуді көздейді.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс балалардың денсаулығын жақсартып, созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, мектеп мейіргерлерінің рөлі күшейіп, тамақ сапасына бақылау артады.
Жаңа тәсіл білім беру ұйымдарында санитариялық талаптарды күшейту және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
https://altainews.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через