ЖИ 2026 жылы IT-мамандарды алмастыра ма

ЖИ 2026 жылы IT-мамандарды алмастыра ма
фото: pixabay.com

Бір жылдан кейін бағдарламалаушылардың жұмысын жасанды интеллектің өзі-ақ істейді. Антропик компаниясының негізін қалаушы Дарио Амадейдің болжамы осы. Оның айтуынша, алдағы 3-6 айда жасанды зият кодтың 90 пайызын, ал бір жылдан соң 100 пайызын жазуы әбден мүмкін. 

Расында қазір жасанды интелект бағдарламашылардың жұмысын анағұрлым жеңілдетті. 

Біріншіден, нейрожүйені клиенттермен жұмыс сапасын жақсарту үшін пайдалануға болады. Мысалы, жаңа сұраныс түскенде, нейрондық жүйе менеджерге клиентпен соңғы қоңыраудың қашан болғанын айтады және менеджерге әңгіменің транскриптіндегі негізгі ойларды еске салады. ML қазірдің өзінде интонацияларды оқи алады, сұраудың салмағын анықтайды және сарказмды шағымнан ажырата алады.

Екіншіден, интеллектуалдық күнделікті тапсырмаларды ЖИ-ке тапсырып, бағдарламашылардың жұмысын жеңілдетуге болады. Қазір көптеген маман  ChatGPT 4 қолданбасын деректерді іздеу, қарапайым мәтіндер жазу және журналдармен жұмыс істеу үшін қолданып жүр. Бұрын журналдарды қолмен сұрыптау керек болса, енді оларды нейрондық желілер арқылы талдауға болады. 

Фото: pixabay.com.

Дегенмен санды технология саласында жасанды интеллект істей алмайтын дүниелер де бар. Сондықтан сарапшы Дарио Амадей бұл технология мамандарды толық алмастыра қоймайтынын да қоса айтты.

Бүгінгі таңда бағдарлама жасаушылар нейрожүйеге ықылас танытып отыр. Алайда жасанды және жауапты тапсырмаларды ЖИ-ке беру әлі мүмкін емес. Ол кодтағы қателерді іздеу, журналдарды өңдеу және кодтың жеке блоктарын толықтыру секілді әдеттегі тапсырмаларды орындауы мүмкін. Бірақ ол да жиі қателесетінін назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан адамдар кем дегенде оның жауаптарын тексеру үшін қажет.

Жалпы болашақта бағдарламашылар ғана емес, ұшқыштар, әскерилер, депутаттар, жүргізушілер де жұмыссыз қалуы мүмкін.  Бірақ ондаған, жүздеген басқа да сұранысқа ие мамандықтар пайда болады. Әлем өте тез өзгереді. Сондықтан жаңа технологияны меңгеріп, еңбек өнімділігін арттыру қажет. Содан кейін сіз де сұранысқа ие бағалы маманға айналасыз.