Зейнетке шығарда еңбек өтілі қалай есептеледі?

Зейнетке шығарда еңбек өтілі қалай есептеледі?
фото: https://www.istockphoto.com

Бұл төлемдерді тағайындау кезінде еңбек өтілі міндетті түрде ескеріледі.

Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Сүлейменова зейнетке шығу кезінде еңбек өтілінің қалай есептелетінін айтып берді.

Қазақстанда бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді:
1.    Базалық зейнетақы
2.    Ынтымақты зейнетақы

Бұл төлемдерді тағайындау кезінде еңбек өтілі міндетті түрде ескеріледі.
•    Базалық зейнетақыны есептеу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі және одан кейінгі еңбек өтілі қаралады.
•    Ынтымақты зейнетақыны алу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі болуы керек. Сондай-ақ, 1998 жылдан бастап қатарынан кез келген 3 жыл ішіндегі орташа айлық табыс есепке алынады.

Еңбек өтіліне не жатады: 
- Жұмыс істеген жылдар
- Әскери қызмет
- Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқыған уақыт
- Баласына күтім жасаған ананың жұмыс істемеген кезеңі (әр балаға 3 жасқа дейін, жалпы 12 жылдан аспауы керек)
- Этникалық қазақтардың тарихи отанында тұрақты тұру үшін келген жағдайда, олардың басқа елдегі еңбек өтілі
- Әлеуметтік кодексте көрсетілген басқа да кезеңдер
Еңбек өтілі негізінен еңбек кітапшасымен расталады. Егер онда тиісті жазбалар болмаса, жұмыс туралы басқа құжаттар немесе сот шешімі негізінде анықталады, - деп айтты Гүлмира Сүлейменова.

https://sn.kz/