
фото: pixabay.com
Неге кейбір қыздар болашақ өмірлік жұбымен интернет арқылы танысуға болады деп үміт артады? Расында интернет-таныстық бір жағынан ыңғайлы - киінудің, бетті бояудың, шашты ретке келтіріп, маникюр, педикюр жасаудың қажеті жоқ.
Жаңа танысты, әдемі адамның бейнесін көргенде толқып, асып-сасудыңғ ыңғайсызданудың қажеті жоқ. Ноутбукті ашып жіберіп, үй киімімен отырып-ақ хат алмасу болады. Ал монитордың арғы бетінде қандай адам отырғанын, оның мінезі, ойы, мақсаты қандай, көздегені не, ол жағын білу өкінішке қарай, мүмкін емес. Бүгінгі таңда ғаламтор арқылы оңай ақша жасаудың жолын тапқан алаяқ жігіттер мен әйелдер баршылық. Сондықтан құқық қорғай органдары азаматтарды өте сақ болуға шақырады.

Фото: pixabay.com.
– Зерттеулер көрсеткендей, желіде танысушылардың 57 пайызы бір-біріне өтірік айтады, аты-жөні, отбасылық жағдайы, Тұрғылықты жері мен сыртқы келбетіне қатысты ақпараттарды бұрмалайды, дейді психолог мамандар.
Танысу сайттары қылмыскерлерге арналған алаң болды: полиция азаматтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының криминалдық полициясы қылмыстық топтардың интернетте белсенді әрекет етіп, танысу сайттарын өз мақсаттарына пайдаланып жатқанын ескертеді.
Тізбек қалай жұмыс істейді:
1. Қызбен танысу. Әйел (немесе әйелдер тобы) жас жігіттермен танысады, қарым-қатынасқа қызығушылық танытатын қыздардың бейнесін жасайды.
2. Кездесуге шақыру. Бірнеше хабарлама мен желілік байланыстан кейін қыздар жігіттерді кездесуге шақырады, көбіне пәтерге шақырады.
3. Сыбайластардың келуі. Кездесу кезінде немесе одан кейін бірден қыздың сыбайластары пәтерге келіп, жігітке күш көрсетіп, қорқытады.
4. Құнды мүлікті тартып алу. Қылмыскерлер күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушінің ақшасын, телефондарын, зергерлік бұйымдарын және басқа да құнды заттарын тартып алады.
5. Несие алуға мәжбүрлеу. Көбірек ақшаға қол жеткізу үшін қылмыскерлер құрбандарын несие алуға немесе есепшоттарына ақша аударуға мәжбүрлейді.
Бүгін бізде дос, болашақ жар, өмірлік жолдас таңдау еркіндігі бар. Бірақ жастар бұл еркіндікті қалай пайдалану керектігін білмейді, адамдармен қалай танысуды білмейді, бұған ішкі қорқыныштар мен комплекстер қосылады. Сонымен қатар, мұндай жаңа таныстық жүйесі жастардың онлайн қарым-қатынасқа деген ұмтылысында маңызды рөл атқарады: егер бұрын жастар отбасын құру үмітімен кездесуге ұмтылса, бүгінде танысу сайттары жағымды қарым-қатынас пен көңіл көтеру үшін арнайы алаңға айналған, дейді мамандар.
Есте сақтаңыз, желіде адамдармен танысқан кезде барынша сақ және абай болыңыз. Бейтаныс жерлерде жалғыз кездесуге келіспеңіз, әсіресе сізді пәтерге шақырса. Егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через