Шымкентте жас суретшілердің республикалық байқауы өтті

Шымкентте жас суретшілердің республикалық байқауы өтті
фото: https://24.kz/kz

       Шымкентте «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жас суретшілердің республикалық байқауы өтті. 

       Көрме-байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Онда 70-ке тарта туынды жұрт назарына ұсынылды. Еліміздің әр аймағынан келген суретшілер қарапайым еңбек адамының жұмысын дәріптеп, осы тақырыптағы шығармасын көрсетті. Мысалы құтқарушылардың ерлігін қағаз бетіне түсіргендер бар. Байқау қорытындысында 7 кәсіби жұмыс үздік деп танылды. Қылқалам шеберлерінің еңбегін өнертанушылар мен суретші-педагогтар және мәдениет қайраткерлері бағалады. Байқау жеңімпаздарына арнайы сертификат пен қаржылай сыйақы берілді.

       https://24.kz/kz