
фото: pixabay.com
Шетелге саяхаттау тағы қымбаттай түсуі мүмкін. Өйткені отандық туроператорларға миллиардтаған салық төлеу туралы түбіртек келіп жатқан көрінеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабаралайды.
Кейбір турфирманың мемлекет алдындағы берешегі тіпті 15 миллиард теңгеге жеткен. Ал туристерді саяхатқа жіберумен айналысатындар «бұл — негізсіз» деп отыр.
Әсел Адамова, Қазақстан туристер қауымдастығының менеджері: – Жалпы туроператордың туристен алатын ақшасы, яғни 95 пайызы шетел қызметіне кетеді. Яғни отель, трансфер, тамақтану бойынша. Ал салық органдары бүкіл сомадан алып отыр. Туроператордың алатын пайдасы тек қана 1-5 пайыз арасында.
Жалпы саны 69 компания салық органдарынан хабарлама алған. Әзірге 20 пайыз корпоратив табыс салығы 2022-2023 жылдары көрсетілген қызметке талап етілуде. Турагенттер берешек турдың жалпы құнынан есептеліп отыр дейді. Яғни жеке тұлғалардан алынған қаражаттың шетелдегі қонақүй, тасымал қызметі мен түрлі саяхатқа аударылатыны ескерілмеген. Сондықтан миллиардтаған салықты төлемейді. Соның салдарынан жылы жақтарға турист жіберумен айналысатын кейбір компанияның шоты бұғаттала бастапты.

Фото: pixabay.com.
Қазақстан туристер қауымдастығы мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінген. Бірақ сол күйі ортақ шешімге келе алмапты. Амалы қалмаған туроператорлар енді сотқа шағымданбақ әрі корпоратив табыс салығының арты жолдаманың қымбаттауына әкеледі деп ескертіп отыр.
Рашида Шәйкенова, Қазақстан туристік қауымдастығының директоры: – Тұтынушы зардап шегеді. Қазір онсыз да шетелге саяхат қымбат. Оған 20 пайыз корпоратив табыс салығын қосыңыз. Енгізілгелі жатқан қосымша құн салығы да бар. Яғни тур бағасы кемі 20-25 пайызға қымбаттауы мүмкін. Жалпы Қазақстанның туризм саласына үлкен қауіп төніп тұр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через