Қазақстанда кімдер пойыз билеттерін жарты бағаға сатып ала алады?

Қазақстанда кімдер пойыз билеттерін жарты бағаға сатып ала алады?
фото: massaget.kz

Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар адамдар және олармен бірге жүретіндер пойыз билеттерін 50 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

     Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар адамдар және олармен бірге жүретіндер пойыз билеттерін 50 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

     Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Жаңартылған нормалар ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен оларды алып жүретін тұлғаларға арналған жеңілдіктерді кеңейтуді көздейді.

"Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50 пайыз жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті)", - делінген хабарламада.

     Сонымен қатар, енді ерекше қажеттілігі бар азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді.

"Көлік ведомствасы бұл рәсімді Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің 44-тармағынан құжат тапсыру талабын алып тастау арқылы жеңілдетуді көздеп отыр. Енді қажетті ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі. Бұл шаралар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталып отыр".

     https://kaz.tengrinews.kz/tengritravel/