Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді

Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді
фото: www.lsp.kz

Мәжіліс шетелдік спортшыларды мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады.

Жаңа нормалар спорттың басым бағыттарын дамытуға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл саладағы саясат Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бейімделді.

ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

  • Ұлттық спорт федерациялары аймақтық федерацияларға қарағанда басымдыққа ие болады.
  • Кәсіби клубтарға бөлінетін қаржыға шектеу қойылып, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортына басымдық беріледі.
  • Жергілікті билік дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтердің бағасын реттей алады.
  • Спорттық медицинаны дамыту және спортшыларды даярлау стандарттарын күшейту шаралары қолға алынады.
  • Спорт саласындағы мемлекеттік ұйым басшыларын ауыстыру жүйесі енгізіледі.
  • Шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.