
фото: pixabay.com
Алматыда жалғызбасты және психикалық ауытқуы бар адамдардың пәтерін заңсыз сатқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған іс бойынша 22 адам айыпталушы деп танылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ 2017-2023 жылдар аралығында жұмыс істеген. Оның құрамында психиатр-дәрігерлер, нотариус, риелторлар және бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істеген қызметкерлер болған.
Оларға адамдарды ұрлау, кісі өлтіру және психикалық ауытқуы бар қарттарға зорлық-зомбылық көрсетіп, баспанасынан айыру бойынша айып тағылды. Істе барлығы 37 эпизод бар.
Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі бойынша күдіктілер 3 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через