
фото: pixabay.com
Түрлі курс сататын блогерлерге шектеу қойылады. Бұл туралды "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz. сайтына сілтеме жасап хабардайды.
Қазақстандықтардың тұтынушы ретінде құқығын қорғау үшін қоладынстағы заңға қандай өзгерістер енгізілетіні жайлы СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов тарқатып айтып берді.
— Қазіргі қолданыстағы (Тұтынушының құқығын қорғау туралы — ред.) заң оқыту курстары қызметіне таралмайды. Жаңа заң оқыту курстарына да жүретін болады, — деді Серік Құсайынов.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: бизнес, мемлекет және қоғам диалогы» атты форумда.
Спикер заң нормалары нақты қалай жұмыс істейтінін мысалмен түсіндірді.
— Енді нақты қандай жағдайларды реттейтініне көшейік. Расымен қазір азаматтарымыз түрлі тұлғалар ұсынатын курстарды сатып алады. Блогерлер деп те атап жатады, бір сөзбен айтқанда олар өздерін нақты бір тақырыпты жете білетін адам санайды. Олардың таныстырылымын тыңдап отырған кезде сатып алушы өмірі бір сәтте өзгеріп, жарқын кезең басталып кететіндей әсерде болады. Алайда оқудан соң шынайы өмірінде ондай өзгеріс болмайды. Осыдан кейін олар шағымданады, деді ол.
Расында соңғы кездері талай курсты қымбат бағаға сатып алып, бірақ қажетті білімге қол жеткізе алмағандарын отандастарымыз әлеуметтік желілерде жазып жатыр.
- Сондықтан заң жобасында біз осы секілді жағдайларды ескердік. Оған сай қызмет көрсетушіге оның қызметін сатып алушыға сол курсты оқыған соң өмірі күрт жақсарып кететіні жайлы уәде беруіне тыйым салынады. Бұл шын мәнінде тұтынушыны адастыру, алдау болып саналады, — деп түйді сөзін Серік Құсайынов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через