FlyArystan әуе компаниясы айласын брондаудың түрлі кезеңінде автоматты түрде қосылатын ақы есебінен көтерген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.
Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы: — Әуе атасымалдаушы билет сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы билет құнын арттырған. Бұл drip pricing деп аталады, демек, бағаны аз-аздан өсірген. Негізінен Еуропа елдерінің заңнамасында бұған мүлдем тыйым салынған.
Ұшақ билеттерін негізсіз қымбаттатқаны анықталған соң, әуе тасымалдаушыға антимонополия заңнамасын бұзуды тоқтату туралы ескерту берілген. Компания іле-шала, заңсыз қосымша ақы алуды тоқтатыпты.
Қазір құзырлы орган ішкі әуе тасымалдары нарығына қатысты антимонополиялық талдау жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, FlyArystan – ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana-ның еншілес компаниясы. Ішкі рейстерден бөлек, Грузия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Үндістан және Қытайға жолаушы тасиды.
Материал ktk.kz сайтынан алынды.