
фото: Сапалы Қазақстан
Болат Бопайұлы кім? Оның қазақ халқына қандай еңбегі сіңді?
Болат Бопайұлы Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ ұлттық Салт-дəстүр, Əдет-ғұрып Акедемиясының Акедемигі. Танымал Этнограф жазушы, Астролог, Гүлтанушы ғалым, Əдебиет сыншысы. Әр жылдары Қазақ радиосында, Қазақстан телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған.
Осындай ғажап тұлға, қайран бауырымз Болат Бопайұлы өмірден өтті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталына марқұмның қарындасы, кәсіпкер Сайран Бопай мәлімдеді.
Сайраш Бопайдың айтуынша, бауыры Болат Бопайұлы өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қытайдан атамекеніне оралған соң мектеп, колледж, университеттерде қазақ салт-дəстүрі тақырыбында дәріс берген. Жергілікті басылымдарда академиктің этнография тақырыбында жазған мыңға жуық ғылыми мақаласы жарық көрген.
2022 жылы "Сапалы Қазақстан" порталы Болат Бопайұлынан мүшел жас тақырыбына байланысты сұхбат алған еді. осы сұхбатты портал оқырмандарының назарына қайта ұсынып отырмыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через