
фото: https://pixabay.com/ru/
Алматы облысында ғана әйелдер ерлерге қарағанда көп жалақы алған
2024 жылы Қазақстанда орташа айлық жалақы 361,8 мың теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,1%-ға артық. Бұл туралы Finprom.kz жазды.
Ең жоғары жалақы әдеттегідей Атырау облысында тіркелді: 539,8 мың теңге. Одан кейін Маңғыстау мен Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы мен Астана келеді. Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында.
Өнеркәсіп саласы бойынша ең жоғары жалақыны кен өндіру өнеркәсібінде (688,3 мың теңге), қаржы және сақтандыру секторында (664,2 мың теңге), ақпарат және коммуникация саласында (550,7 мың теңге) еңбек ететіндер алады.
Гендерлік көрсеткіш бойынша 2024 жылы ерлердің еңбекақысы 402,9 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артқан. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш 323,5 мың теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 13,2 пайызға артқан.
Ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық 24,6% құрады.
Қазақстан Республикасының барлық 20 аймағының ішінде Алматы облысында ғана әйелдер ерлерге қарағанда көп (0,9%-ға) жалақы алған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через