Елдің бүкіл аумағында Wi-Fi тегін

Елдің бүкіл аумағында Wi-Fi тегін
фото: pixabay.com

Сіздер білесіздер ме, бүкіл аумағында тегін Wi-Fi қосқан ел бар. Атауын ешкім естімеген бұл ғажайып ел Ниуэ деп аталады. Ол Жаңа Зеландия маңындағы аттас аралда орналасқан. 2003 жылы Ниуэ әлемдегі алғашқы «Wi-Fi ұлт» атанды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.

 Дегенмен кейбір қалалар да тұрғындарға, туристерге тегін Wi-Fi ұсынады. Мысалы, кейбір ірі қалалар туристердің, жұмысшылардың ең жақсы мейрамханаларды табуына немесе саябақта ғаламторға қосылуына көмектесу үшін тегін Wi-Fi кіру нүктелерін ұсынады. Мексика астанасы Мехико қаласының басшылығы 2021 жылы осындай игі бастама көтерді. Соның арқасында Мехико Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол әлем бойындегі ең тегін Wi-Fi кіру нүктелері көп қала атанды. Онда Wi-Fi -ға қосылуға болатын 21 500 орын бар екен.

 Фото: pixabay.com.

Ең қымбат ұялы байланыс қай елде?

 Осы тақырып аясында ең қымбат ұялы байланыс тіркелген елдерді де атап өткенді жөн көрдік.

Мобильді деректердің 1 ГБ орташа құны бойынша ең қымбат бес ел: Зимбабве ($43,75), 

Фолкленд аралдары ($40,58), 

Сент-Хелена ($40,13), 

Оңтүстік Судан (23,70 доллар) 

 Токелау (17,24 доллар).

 Қай елде ең арзан байланыс бар?

Ең арзан интернеті бар 10 елге тоқталатын болсақ:

Ресей - айына 5,6 доллар

Украина - айына $6,1

Румыния - айына $6,4

Вьетнам - айына $6,7

Молдова - айына 7,7 доллар

Үндістан - айына 8,5 доллар

Беларусь - айына 9 доллар

Қазақстан – айына $9,8

 Өз еліміздегі жағдайға да тоқталатын болсақ, отандық байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетовтың сөзінше, қазір байланыс операторларының сөз байласу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Себебі кейінгі бірнеше жылда тұрғындардан шағым көбейген. Кейінгі екі жылда барлық дерлік байланыс операторы бағаны көтеріп жіберген. Агенттік бұл монополияға қарсы салада сөз байласу деп саналатынын жеткізді. Сондай-ақ ірі операторлардың біріне қатысты жеке тергеу басталуы мүмкін. Тұрғындар да бағаның сапаға сай келмейтінін айтады.