
фото: 24.kz
Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» болып белгіленген, деп хабарлады 24.kz.
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға,жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты ар-намыс,батылдық,ептілік,күш-қайрат және жылдамдық сияқты қасиеттерді бейнелейді. Қамқор орталығында балалар ұлттық спорт түрлерін жетік меңгерген.
Сондай-ақ ұлттық спорт ойындары түзету-дамыту іс-әрекеті барысында күнделікті ұйымдастырылып отырады. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, қазақша күрес, теңге ілу, құсбегілік, садақ тарту.
Ұлттық спортымыздың тізімі айтарлықтай кең.
Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.
14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
15 наурыз – «Қайырымдылық күні»
16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».
17 наурыз – «Шаңырақ күні»
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз– Ынтымақ күні
22 наурыз – Жыл басы
23 наурыз – Тазару күні
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через