Бразилия билігі заңсыз ағаш кесушілермен күресті күшейтті

Бразилия билігі заңсыз ағаш кесушілермен күресті күшейтті
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/FrazaoStudio

Бразилия билігі Амазония ормандарының ағашын кесуге қарсы күресті күшейтті.

Биыл осы елдегі Қоршаған ортаны қорғау институтының қызметкерлері жүйелі түрде тексеріс жүргізуді қолға алған. Осының арқасында ағаш бұтау бойынша ондаған заңсыз зауыт анықталып, жұмысы тоқтатылды.

Бұл тексерістер Амазония тропикалық ормандарын қалпына келтіруге арналған ауқымды жобаның бір бөлігі. Амазония ағаштарын ғалымдар «Жер шарының өкпесі» деп атайды. Кейінгі 1,5 айдың ішінде ондаған ағаш кесетін кәсіпорын жабылып, 5 мыңнан астам жүк көлігіне тиелген ағаш тәркіленді. Заң бұзған ұйымдарға 2 миллион 700 мың доллар көлемінде айыппұл салынған.

Амазония ормандары ауаға таралатын оттегінің 40%-ін өндіреді және тұшы су қорында маңызды рөл атқарады. Бұл аймақта басқа жерде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлар бар.

https://24.kz/kz