
фото: Сапалы Қазақстан
Қазақстан егемендігін алғалы толық өзгертілмеген банк туралы заң биыл жаңарып, толығып, қайта қабылданады. Кез келген жаңа заң 30 жыл бұрынғы заңнан міндетті түрде жақсы болады деп үміттенеміз.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, елімізде кейінгі 10 жылда банктер саны 38-ден 21 банкке дейін қысқарды. Оның 8-і – шетелдік банктердің еншілес банкі. Бизнеске кредит беруді бірнеше ірі банк қана жүзеге асырады.
Қолданыстағы заң жалпы қаржы нарығының талаптарына жауап беру тұрғысынан жарамсыз еді. Ең қарапайымы – ескі заңда тіпті интернет туралы да ұғым жоқ.
Бүгінгі таңда санды технология жылдам дамып барады, соның арқасында қазір банк пен тұтынушының қарым-қатынасы мүлде басқаша өріліп жатыр. IT технологияларды пайдалану жаңа тәртіп пен ережені қажетсінеді.
Банктер экономикамыздың дамуына қандай үлес қосып жатыр? Қаржы институттары тұтынушыларға адал қызмет көрсетіп жатыр ма, әлде қитұрқы әрекеттермен несие алушыларды қанап жатыр ма?
Бұл сұрақтарды белгілі сарапшы, экономист Бауыржан Ысқаққа қойған едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через