
фото: © AFP 2024 / SANJAY KANOJIA
Ер адам бірден ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды
Әзербайжанның Джалилабад ауданында өлді деп саналған ер адам мәйітханаға жеткізілді, кейін оның тірі екені белгілі болды.
"Джалилабад ауданы Тахирлы ауылының 1991 жылы туған тұрғыны Хаял Гулиевтің жансыз денесі өз үйінен табылды. Ер адам өлді деп танылып, Сот-медицина сараптамасы және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөліміне жеткізілді. Алайда мекемеде оның өлмегені, коматозды күйде жатқаны белгілі болды. Ер адам бірден Жалилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігі ер адамның жағдайы қазіргі уақытта тұрақты екенін және жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через