
фото: pixabay.com
Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Алдағы бір аптада берешегіңізді өтемесеңіз, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл қосылады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір азаматтардың банктік мобильді қосымшаларына хабарламалар жіберіліп жатыр. Сол жерден салықтың мөлшерін біліп және оны төлей аласыз.
Салық сомасы темір тұлпар түріне, шыққан жылына және қозғалтқыш қуатына қарай әр түрлі есептеледі. Көлік иелерін электронды түрде ақпараттандыру биыл наурыздың 12-сінен басталған. Көпшілік жіберілген хабарламалар арқылы берешегін біртіндеп өтеп жатыр.
Алайда берешегін беруден жалтарып жүргендер де жоқ емес. Бір ғана Алматының өзінде 60 мың адам міндетті төлемін төлеуге құлықсыз көрінеді. Борышкерлердің жалпы қарызы 3 млрд теңгеге жуықтайды. Оларға жаза да қатаң.
Қанағат Күлімбаев, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Біріншіден банк шоттарын бұғаттайды, мүліктерін шектейді. Шетелге шығуға тыйым салынады. Жүргізу куәлігін уақытша тоқтатады. Біз осы айдың 12- нен 15-і аралығында рейд жүргіздік, Алматы қаласында сол кезде төленбеген салық төлеушілердің көліктері айыппұл автотұрағына қойылды.
Әртүрлі себеппен салықтан жалтарып жүргендердің басым бөлігі Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана мен Шымкент қаласының тұрғындары екен.
Айта кетейік, 1 сәуірге дейін былтырғы көлік салығын төлеу қажет. Тәртіп солай, есептеу бір жылға кеш жүреді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через