
фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жас өнертапқыштар жобаны әрі қарай жетілдіріп, болашақта оқу үдерісін автоматтандыруды жоспарлап отыр
Ақтөбе облысы Шалқар қаласының оқушылары "Робот-лаборант" ойлап тапты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
9-сыныпта оқитын Арсен Сисенбай мен Айдарбек Мирас құрылғыны C++ бағдарламалау тілін және Arduino микроконтроллерін қолдана отырып жасады.
Роботты смартфон арқылы басқару үшін RemoteXY платформасын пайдаланған, ал схемалар Tinkercad көмегімен жасалды. Бұл құрылғы физика мен информатика сабақтарында зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуді жеңілдетіп, оқу үдерісін көрнекі әрі тиімді етеді.
"Сыныптастарымыз робототехника мен бағдарламалауға көп қызығушылық таныта бастады. Бұл робот мұғалімдерге зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруды жеңілдетеді және оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттырады, инженерлік мамандықтарға деген қызығушылықты күшейтеді", — дейді жоба авторлары.
Жас өнертапқыштар жобаны әрі қарай жетілдіріп, болашақта оқу үдерісін автоматтандыруға үлес қоссақ дейді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через