Алдағы жылдары еліміздің табысы артады

Алдағы жылдары еліміздің табысы артады
фото: pixabay.com

Алдағы 3-4 жылда Қазақстан жоғары табысты елдер қатарына енеді. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары осындай болжамын алға тартты, деп хабарлады qazaqstan.tv.

 Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 10 700 доллар, 2024 жылы 11 500 доллар болған. 

Биыл табыс 12 мың долларға, ал 2029 жылға қарай 16 мың долларға жетпек. Сарапшылардың айтуынша, бұған елде жүзеге ассып жатқан инвестжобалар, өндіріс және машина жасау саласының дамуы мен нарықтық экономикадағы реформалар сеп болмақ. Соңғы 30 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3 есеге өскен. 

Бұл көрсеткіш жағынан еліміз дамушы, тіпті бірқатар дамыған елдерді артта қалдырды. Экономиканың өсуінен жұмыссыздық көрсеткіші 4,8% дейін төмендеп, 1995 жылдан бері Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейі 11 жылға ұлғайған.