
фото: https://pixabay.com/ru/
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 46 мың көлік тексерілді
Қазақстанда бес күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі анықталды.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 46 мың көлік тексерілді. Соның ішінде 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталды.
"Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан. 234 шетелдік азамат заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік азамат Қазақстанда болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды", - дейді полицейлер.
Бұдан бөлек, 103 такси жүргізушісі жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. Ал 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через