Ұялы телефондарда жаңа вирус анықталды

Ұялы телефондарда жаңа вирус анықталды
фото: pixabay.com

Сарапшылар пайдаланушыларды жаңа қосымшаларды жүктеу кезінде мұқият болуға және орнату алдында бағдарламалар туралы рейтинг пен пікірлерді тексеруге шақырады.

Себебі IPhone компаниясының ұялы телефондарында қауіпті вирус анықталды. SparkCat деп аталатын вирус телефондағы фото арқылы сіздің деректеріңізді оқып, оны алаяқтарға жолдай алады. Мамандар аталған вирусты 20-ға жуық фейк қосымшалар мен мессенжджерлерден анықталғанын хабарлайды. 

Жалған бағдарламаны орнатқаннан және іске қосқаннан кейін вирус фотосуреттерді қарауға рұқсат сұрайды. Содан кейін троян галереядағы суреттердегі мәтінді талдайды және кілт сөздерді тапқан кезде фотосуретті алаяқтарға жібереді.

 Сарапшылардың айтуынша, мұндай трояндарды жасаушылардың мақсаты шетелдік сандық активтерді иеленуге мүмкіндік беретін сид-фразалар арқылы бөгде адамдардың крипто қаржыларына қолжетімділікті қалпына келтіру. Вирустар сондай-ақ скриншоттардағы хаттар мен парольдерді іздей алады.

Фото: pixabay.com.

«Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Сергей Пузан бұл App Store қосымшаларындағы пайдаланушылардың деректерін ұрлайтын зиянды бағдарламаларды біріктірудің алғашқы белгілі жағдайы екенін, бұл iOS қауіпсіздігі туралы стереотиптерді бұзатынын атап өтті.

 Бір қызығы, Батыста жаңа вирус туралы ештеңе естіген жоқ.