
фото: © Төтенше жағдайлар министрлігі
Оның 15-інде су басу қаупі жойылды, 49-ында барынша азайтылды
Шығыс Қазақстанда 72 елді мекенді су алу қаупі бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы облысқа арнайы барды, деп хабарлайды министрлік.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов Қазақстан ТЖМ жедел тобымен бірге Шығыс Қазақстан облысына барды.
Ол өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығы, тасқын жағдайын болжауға, су тасқынының алдын алуға бағытталған шараларға, жағдай нашарлаған кезде күштер мен құралдар тобын уақытылы дайындауға ерекше көңіл бөлуге қатысты бірқатар тапсырма берді.
"Делегация 2 қала мен 11 ауданның су басу қаупі бар аймақтарында орналасқан елді мекендерді аралады. Облыста су басу қаупі бар 72 елді мекен анықталды, оның 15-інде су басу қаупі жойылды, 49-ында барынша азайтылды", - деп жазды ведомство.
Өткен жылы су тасқынына қарсы 107 іс-шара жүргізілді. Инженерлік жұмыс жоспарына сәйкес облыста су тасқынына қарсы 55-тен астам іс-шара жүзеге асырылды, 64 км жағалауды бекіту, 36 км бөгендерді, үйінділерді, біліктерді жөндеу және салу, 19 км өзен арналарын тазарту жұмыстары жасалды. Сонымен қатар 58 км арықтар мен каналдар салынды, 3 көпір жөнделді, 45 су өткізгіш құбыр мен құрылыс ауыстырылды, 283 км арықтар мен каналдар тазартылды. Бұл шаралардың барлығы су тасқынынан сенімді қорғануға бағытталған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через