
фото: pixabay.com
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалған еді.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ. Шахтада қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды.
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылған.
Фото: Midjourney/kaz.inform.kz
Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалған еді.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ. Шахтада қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетуде, - делінген хабарламада.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через