Парақорларды анықтайтын WhatsApp чат-бот іске қосылды

Парақорларды анықтайтын WhatsApp чат-бот іске қосылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Сыбайлас жемқорлық туралы шынайы ақпарат бергендерге 15,7 млн теңге сыйақы беріледі

Антикор жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құралды енгізеді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Антикор азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құралды енгізеді", - деп жазды ведомстводағылар.

Ведомствоның мәліметінше, 1424 Whatsapp-чат-ботына әрбір азамат жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.

"Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті. Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот арқылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлап, жемқорлық мәселелері бойынша кеңес ала алады", - дейді ведомстводағылар.

Сыбайлас жемқорлық туралы шынайы ақпарат бергендерге 15,7 млн теңге сыйақы беріледі.

Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз, дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

ҚазАқпарат