
фото: https://pixabay.com/ru/
Ол балабақшаға бармаған балалар үшін бюджеттен 6,6 млн теңгені заңсыз алған
Маңғыстау облысында есепте жоқ баланы балабақшаға барды деп мемлекет қаражатын жымқырған директор сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Прокуратура аудандардағы балабақшаларды тексеріп, талапты бұзған мекемелерге 19 млн теңге айыппұл салды.
"Санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, сондай-ақ білім беру және медициналық қызмет салаларында заң бұзушылықтар анықталды. 111 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ жекеменшік балабақша іс жүзінде балабақшаға бармаған балалар үшін бюджеттен 6,6 млн теңгені заңсыз алған.
Сот балабақша директорын 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді, сондай-ақ ол 2 жыл бойы мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызмет ете алмайды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через