
фото: © REUTERS / Kacper Pempel
Сенатор ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық деректерді қолдануды ұсынды
Сенат депутаты Жанна Асанова алаяқтардың ұялы нөмірлерді қалай тіркейтінін жариялады.
Заңнамаға сәйкес, ұялы телефондарды міндетті түрде тіркеу керек. Бірақ алаяқтар бұл талапты оп-оңай аттап өтеді.
"Олар SMS арқылы ЖСН-ді жібереді де, тіркей салады. Жеке деректерді де енгізбейді. Осылайша, кез келген адам бөгде біреудің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, телефон нөмірін қылмыс жасау үшін пайдалана алады", - деді Асанова сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, алаяқтар "SIM-box"-тарды да жиі пайдаланады. Осы құрылғылардың көмегімен жүздеген SIM-картаны іске қосуға болады. Соның салдарынан ішкі істер органдары алаяқтарды таба алмай жатады. Себебі SIM-box ұялы нөмірлерді жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.
"Алаяқтар мониторингті оп-оңай айналып кетеді. Абоненттің жалған локациясы мен IMEI-кодын көрсете алады. Виртуалды аккаунттарды да ашуға мүмкіндік бар. Ал, ең бастысы, виртуалды сигналмен қоңырау шалып, халықты алдап отырады. SIM-box бір күннің ішінде 200 SIM-картаны ауыстырып бере алады", - деді Асанова.
Осы орайда сенатор ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық деректерді қолдануды ұсынды. Ал SIM-box машиналардың импортын шектеу керек.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через