Ертең Маск «ең ақылды жасанды өнімін» таныстырады

Ертең Маск «ең ақылды жасанды өнімін» таныстырады
фото: aiplusinfo.com/kaz.inform.kz

Илон Маск өзінің xAI стартапы дүйсенбі күні кешке «Жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект» болатын Grok 3 чат-ботын шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды CBS19News. 

— Компанияның жасанды интеллект саласындағы өнімі 18 ақпанда Астана уақытымен сағат 9:00–де (17 ақпанда Тынық мұхиты уақыты бойынша сағат 20:00 немесе Гринвич бойынша сағат 04:00) таныстырылады, — деп жазды технологиялық миллиардер X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.

Grok 3 логикалық сәйкестікке қол жеткізу үшін деректерді талдау арқылы жіберген қателерді талдай алады.

Маск ЖИ адамзат өркениетіне қауіп төндіретінін бірнеше рет ескертті, бірақ соған қарамастан ол бұл секторға көбірек инвестиция салынғанын қалайды.

xAI-дың 2024 жылдың желтоқсанында мәлімдеуінше, ол АҚШ-тың венчурлық капиталистері, Nvidia және AMD чип өндірушілері және Сауд Арабиясы мен Қатардан инвестициялық қорлардан тұратын инвесторлардан 6 млрд доллар қаражат тартты.

xAI OpenAI-дан ChatGPT сияқты өнімдерге толы нарықта бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізуді мақсат етіп отыр. 

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.