Елімізде онкоскрининг барлық азаматтарға тегін болады

Елімізде онкоскрининг барлық азаматтарға тегін болады
фото: https://www.istockphoto.com

       Қазақстанда енді онкоскрининг барлығына қолжетімді болады.  

       Мәжіліс депутаттары тегін медициналық көмек аясында қызметтер тізіміне онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулерді енгізуді ұсынды. Осылайша сақтандыру мәртебесіне қарамастан,  ол Қазақстанның барлық азаматын қамтымақ.

       Сондай-ақ депутаттар мүгедектігі жоқ есту қабілеті бұзылған азаматтарды есту құралымен қамтамасыз етуі туралы нормалар енгізуді де ұсынды. Ол жергілікті бюджет қаражаты есебінен әкімдіктердің медициналық айғақтары бойынша жүргізіледі. Түзету мүгедектіктің алдын алуға және есту қабілеті бұзылған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

       Бұдан бөлек медициналық қызмет нәтижесінде науқастың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайларын қарау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясын құру тетігі жетілдіріледі.

       https://stan.kz/