
фото: https://pixabay.com
Енді мал ұрлығы қайталанған жағдайда ауыр қылмыс саналады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлім етті.
– Мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодексте жеке бап енгізілді. Ұрлықшының мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Мал ұрлығы қайталанса және қорадан ұрлаған жағдайда жаза қатаңдайды, яғни ауыр қылмыстар санатына жатады, - деді Шыңғыс Әлекешев ведомствода өткен онлайн баспасөз мәслихатында.
Ресми өкілдің айтуынша, аталған жаза түрі екі жақтың өзара татуласып, ұрының жауапкершіліктен жалтаруына жол бермейді.
Таяуда Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев Шығыс Қазақстанда мал ұрлығы өршіп тұрғанын айтып, Ішкі істер министрлігіне мәселені назарға алуды сұрады.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через