
фото: pixabay.com
Елімізде республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын мониторинг ететін цифрлық платформа пайда болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті.
- Қазір «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Ол тек республикалық емес, сондай-ақ жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына да мониторингті қамтамасыз ететін болады. Көлік және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл соңына дейін аталған платформаны пилоттық режимде іске қосуды тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осы орайда Премьер-министр көлік және цифрландыру министрліктеріне нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге екі ай мерзімде тексеру жүргізуді тапсырды.
- Отандық IT-компаниялардың автожол саласын дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, рәсімдерді оңайлатуға және, ең бастысы логистиканы тиімді басқаруға қабілеті жеткілікті, - деп толықтырды ол.
Айта кетсек, былтыр елімізде жолдың сапасына қатысты тұрғындардан 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через