
фото: pixabay.com
Bybit криптовалюта биржасы тарихтағы ең ірі алаяқтыққа қатысқан хакерлерді ұстауға көмектескені үшін рекордтық сыйақы жариялады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы bybit.com.
Олар криптобиржасын бұзған хакерлерді тауып бергендерге 140 миллион долларға дейін сыйақы береді. Бұл ұрланған соманың 10 пайызы.
- Оқиғадан кейін 24 сағат ішінде біз осы саладағы ең жақсы адамдар мен ұйымдардың қолдауына ие болдық және біз бұл көмектің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, - деді Bybit негізін қалаушы және бас директоры Бен Чжоу.
Ол көмек көрсеткендерді шын ниетімен маорапаттағысы келетінін жариялады.
«Біз «Қалпына келтіру сыйлығы» бағдарламасы арқылы бізге тәжірибесімен бөлісіп, қолдау көрсеткен қауымдастықты ресми түрде марапаттағымыз келеді және бұл қиын сабақты құнды сабаққа айналдыруға күш салуымыз осымен тоқтап қалмайды. Bybit сәтсіздіктерден жоғары тұруға және қауіпсіздік инфрақұрылымымызды түбегейлі өзгертуге, өтімділікті жақсартуға және крипто қоғамдастығындағы достарымызға тұрақты серіктес болуға бел байлады », - деп қосты ол.
Бірнеше күн бұрын қаскөйлер платформадан бір миллиард 400 миллионды шешіп алған еді. Бұл тарихтағы ең ірі киберқылмыстың бірі болды. Бірақ биржа директоры клиенттерге алаңдауға негіз жоқ дейді. Хакерлер табылмаса, шығынды өз активтері есебінен жабатынын айтады. Қазір "Байбит" активтерінің көлемі 20 миллиард АҚШ доллардан асады.

Фото: pixabay.com.
Шабуылшылар биржаны 21 ақпанда тонап кеткен. Хакерлер пайдаланушы интерфейсін ауыстырып, Ethereum криптовалютасын әртүрлі әмияндарға таратып үлгерген. Сол кезде Bybit бас директоры Бен Чжоу биржа серіктестерден көпір несиелерін алып, шығындарды жабу үшін қажетті қаржыландырудың шамамен 80 пайызын қамтамасыз еткенін атап өтті.
Bybit қаражатын жоғалтқанын мойындағаннан кейін, әлемдегі жетекші криптовалюта Bitcoin бағамы құлдырады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через