
фото: daily mail
Бұл туралы елдің дәрілік заттар агенттігінің мәліметінен белгілі болды.
Ұлыбританияда 82 адам қант диабеті мен салмақ тастауға арналған дәрі ішкеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sun газетіне сілтеме жасап.
"Қант диабеті мен салмақ тастауға арналған "Оземпик" және "Мунджаро" препараттарын қолданғаннан кейін 82 британиялық көз жұмды", - деп хабарлады Ұлыбритания дәрілік заттар мен медициналық құралдар агенттігі.
Басылымның жазуынша, 18 адам "Мунджаро" препаратын қолданғаннан кейін көз жұмған. Ал 29 адам "Оземпик", "Вегови", "Ребелсас" дәрісін, тағы 35 адам "Саксенда" және "Виктоза" препараттарын қолданған.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу агенттігінің дерегінше, 22 адам осы дәрі-дәрмектерді салмақ тастау мақсатында пайдаланған. Ал 60 адам екінші типтегі қант диабетін емдеу үшін қолданған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через