
фото: pixabay.com
Кеңес дәуірінде түсірілген «Мәскеу көз жасына сенбейді» деген атақты фильмде бір кейіпкер алдағы уақытта телеарналардың дәурені басталады деп болжам айтқан еді. Қазір жер шарын телеарна емес ғаламтор, әлеуметтік желілер жаулап алды.
Яндекс, мәліметіне сүйенсек, әлем халқының 69%-ы Интернетті белсенді пайдаланады. Қолданушылар саны артқан сайын әлеуметтік желінің қызмет аясы кеңейіп, оны түрлі мақсатта пайдалану жолдары қалыптасып келеді. Бүгінде ақпарат тарату әдісін тамаша меңгерген желілердің жарнама таратуда да бәсі жоғары. Ең қызығы, бұл құбылысқа тайлы-тұяғымен қалмай ілесіп бағатындар «ауадан ақша жасауға» машықтанып алған сияқты.
«Сапалы Қазақстан» порталының тішлісі "Әлеуметтік желідегі жарнамаға,кеңеске сенесіз бе?" деген тақырыпта сауалнама жүргізген еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через