Жаңадан іске қосылған нысан уақыт пен шығынды азайтады

Жаңадан іске қосылған нысан уақыт пен шығынды азайтады
фото: https://pixabay.com/ru/users/

       Алматыда еліміз бойынша алғашқы экологиялық қар еріту пункті іске қосылды. 

       Экологиялық дейтін себебіміз – оған ешқандай отын пайдалынылмайды. Жаңа нысан тәулігіне 1200 текше метр ақ ұлпаны еріте алады. Енді қаладан жиналған қар осы жерде суға айналып, кәріз жүйесіне жіберіледі. 

       Қыс мезгілі Алматының коммуналдық қызметі үшін әжептеуір салмақ. Себебі, таудың етегінде орналасқан мегаполисте қар да қалың түседі. Оны тазалау, сыртқа шығару бірнеше күндік жұмыс. «Жаңадан іске қосылған нысан уақыт пен шығынды азайтады», - дейді әкімдік өкілдері. Бостандық, Әуезов, Алмалы аудандарынан жиналған қар осы жерге төгіліп, кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуымен ерітіледі.

       Жаңа нысан күніне 1200 текше метр қарды өңдеуге қауқарлы. Бұл шамамен 100 жүк көлігі. «Соңғы жылдары қардың қалың түсуіне байланысты оны тиімді утилизациялау үшін жаңа әдісті қолдануға тура келді», - дейді әкімдік өкілдері.

       https://24.kz/kz/