фото: https://pixabay.com/ru/
СҚО-да сиыр мен жылқы терілері іске жарап, одан протеин өндіріліп жатыр.Солтүстік Қазақстан облысында іске қосылған кәсіпорын былтыр 300 тоннадан астам жоғары протеинді жемдік қоспа өндірді.
СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «СК Протеин» ЖШС – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және «Ғылым қоры» АҚ-ның ортақ жобасы. Ынтымақтастық аясында компания жоғары протеинді жемдік қоспа өндірісін жолға қою үшін 350 млн теңге көлемінде грант алды.
Жоба бойынша кәсіпорын жылына 5,4 мың тонна ірі қара мал және жылқы терісін қайта өңдеп, 2,4 мың тоннаға дейін дайын өнім шығара алады. Өткен жылдың 11 айында 675 тонна тері өңделіп, 300 тонна протеин өндірілді.
«ProtSAN» деп аталған жергілікті өнім ақуызға бай. Мал терісінен жасалған жемдік қоспа ұнтақ және түйіршік түрінде шығарылады. Протеинді ауыл шаруашылығы жануарларының, құстың, балықтың рационына қосуға болады. Өнім «Алматы технологиялық университеті» АҚ зерттеліп, оның құрамында ГМО жоқ екендігін анықталды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через