Құрамында есірткі бар дәрілерді сатқан 226 медицина қызметкері жауапқа тартылды

Құрамында есірткі бар дәрілерді сатқан 226 медицина қызметкері жауапқа тартылды
фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Есірткі құралдарының айналымы саласындағы заңды бұзған 226 медицина қызметкері жауапқа тартылды.

Былтыр ішкі істер органдары "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасын үш рет өткізіп, есірткі заттарының заңды айналымы саласында 38 қылмыстық және 633 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

"Оның ішінде заңсыз фармацевтикалық қызметтің 46 дерегі, дәрілік заттардың айналымы мен ережелерді бұзудың 260 дерегі анықталды. 500-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде 226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомство.

Түркістан облысында 48 жастағы жүргізушіден полиэтилен пакеттері мен қораптар табылған. Тексеру кезінде дәріханадан жалған рецепт бойынша алынған 2500-ге жуық "трамадол" таблеткасы тәркіленген. Бұл препарат опиоидты топтағы есірткі заттарына жатады және арнайы тізімге енгізілген, дейді полиция.

ҚазАқпарат