Қазақстан Қытай, Вьетнам және Мысырға жаңа әуе рейстерін ашады

Қазақстан Қытай, Вьетнам және Мысырға жаңа әуе рейстерін ашады
фото: Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі

Көлік министрлігі толық мәлімет берді

Қазақстан Қытай, Вьетнам және Мысырға жаңа әуе рейстерін ашуда, деп хабарлады көлік министрлігі.

2025 жылдың наурыз айынан бастап Air Astana Алматы-Нячанг бағыты бойынша аптасына 4 рет жиілікпен және Астана-Нячанг аптасына 3 рет жиілікпен Вьетнамға жаңа бағыттарды ашады.

Ал Қытайға Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен ұшады.

Сондай-ақ көктем-жаз маусымынан бастап Air Cairo аптасына бір рет Қостанай-Шарм-эль-Шейх және Алматы-Хургада бағыты бойынша аптасына екі рет рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Алматыдан Эль-Аламейнге аптасына бір рейс жиілігімен рейстерді қайта іске қосу жоспарлануда.

ҚазАқпарат