
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/MikeMareen
- Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы былтыр Павлодарда 522 жол белгісін тексеріп, оның 61-і талапқа сай емес екенін анықтаған. Олардың көбі түнде жарыққа шағылыспайтыны белгілі болған.
Өңірдегі автожолдардың бойындағы жол белгілері арнайы құрылғының – рефлектордың көмегімен тексерілген. Ұлттық сапа орталығы соңғы бір жылда 522 жол белгісін қарап шыққан.
– 61 жол белгісі мемлекеттік стандарттарға сай келмейтіні белгілі болды. Қазіргі таңда талапқа сай емес белгілер ауыстырылды, - деп хабарлады Ұлттық сапа орталығының мамандары.
Бұдан бөлек 264 километр жолдың ақ жолақтары да тексерілді. Мұнда стандарттан ауытқушылық анықталған байқалмаған.
– Жарық түскен кезде жол белгілері жарқырап көрінуі керек – бұл маңызды техникалық көрсеткіш. Көптеген жол-көлік апаттары белгілердің дұрыс көрінбеуінен болады. Әсіресе түнгі уақытта жолдағы қауіпсіздік үшін белгілер аса маңызды, - дейді орталық инженері Қуанышбек Рахманбердиев.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через