фото: https://pixabay.com/ru/
Елімізде денсаулық саласының дамуына айрықша назар аударылып келеді. Медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын арттыруға, емдеу технологияларын жетілдіре түсуге күш салынуда. Бір кездері қазақстандық мамандар жасай алмайтын күрделі оталар, бүгінде өз емханаларымызда табыла бермейтін емдеу құралдары қазір қолжетімді. Десе де, ел мамандары әлі де бірқатар күрделі дерт түрлеріне шалдыққан науқастарға көмектесуге қауқарсыздық танытады. Жыл сайын дертіне елімізден шипа таппаған қаншама науқас квота арқылы шекара асады. Жылына 48 мыңға жуық қазақстандық азаматтар көршілес Өзбекстанға емделуге барады екен. Бұл жерде Өзбекстанның медициналық қызметі бізден көш ілгері дамып кетті деген сөз емес. Біздің елдегі кейбір медициналық аппараттардың кейбіреулері ол елде жоқ деуге де болады. Тіпті мамандары да біздің дәрігерлерден асқан білікті деп айтуға да келмейді. Бірақ көпшілік халық емделу құнының арзандығы мен қызмет көрсету сапасына бола көрші елге аттанады екен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через