
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/FatCamera
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында «медициналық қызметтің сапасына қанағаттану деңгейі» көрсеткішіне қатысты түсінік берді.
- Мәселелер әлі де бар. Оның ішінде негізгісі бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, яғни емхананың қызметіне тұрғындардың көңілі толмай жатады. Соның арасында тегін дәрі-дәрмекке, кезек мәселесіне, дәрігерлердің біліміне қатысты сұрақтар бар. Сондықтан осыған жүйелі түрде қарау керек. Министр ретіндегі қызметімде емханалардың жұмысын жетілдіруге көңіл бөліп жатырмын, - деді А.Әлназарова.
Оның айтуынша, халықтың 80 пайызы алғашқы көмек алу үшін емханаларға барады.
- Жұмыстың дұрыс жүруіне Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары да елеулі түрде әсер етеді. Әр өңірден келген арыздарды қарасақ, негізінен 5-6 бағыттағы проблемалар айтылған. Бұл тұрғыда нормативтік-құқықтық актілердің сапасына қатысты ревизия жасадық. Министрлік бұйрықтарының 11-іне қол қойылды, сондай-ақ тағы 15-і бекітіледі. Атап айтқанда, жүйені пациентке бағдарлап, оның барлық жағдайын жасауға байланысты бұйрықтарды өзгерттік. Осы орайда 2025 жылдан бастап бұйрықтардың көбісі күшіне енеді, - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда емханаларға 103 млн-нан астам қаралу тіркелді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсуді көрсетеді.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через