Ақша бопсалаған студенттер ұсталды

Ақша бопсалаған студенттер ұсталды
фото: pixabay.com

Ақтөбеде 18 жастағы жігіттерді қорқытып, ақша бопсалаған үш студент ұсталды. Полиция оларды дәріс залынан алып шықты.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттер 18 жастағы екі жігіттен 100 мың теңгеге жуық ақша бопсалаған. Күдікке үш студент ілікті. 

- Полиция қызметкерлері студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күдіктілерді университеттегі дәріс барысында ұстады. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында емшіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сот 2 ай қамауда ұстау туралы санкция берді.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.