Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланады

Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланады
фото: pixabay.com

 Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда жаппай төбелес шығарған үндістандық студенттер туралы пікір білдірді, деп жазды Kazinform.

Оның айтуынша, жанжалға тек қана үндістандық студенттер қатысқан, қазақстандық студенттердің қатысы жоқ.

Қазіргі уақытта Алматы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Сол тергеудің нәтижелерін күтеміз. Үндістан елшілігімен тікелей байланыстамын, елшімен де сөйлестім. Осылайша, бірлесіп, жанжалға қатысқан студенттерді депортацияға жіберу шешімін қабылдадық. Бұл біздің ішкі нақты позициямыз. Жақында Президентіміз «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Кез келген шетелден келген азаматтар өз елінде қалай заң сақтаса, Қазақстанда да солай қатаң заң сақтауға міндетті. Сондықтан тергеу шешімі қандай болса да, біз Үндістан елшілігімен бірлесіп, 6 студентті депортацияға жібереміз, — деді министр Үкіметте өткен брифингте.