
фото: pixabay.com
Қажылыққа барғысы келетіндерге көмектесеміз деп жұртты алдап жүрген алаяқтықтар ұсталды. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Күдікті өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, умраға қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған.
Polisia.kz ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Күдікті қамауға алынды.
Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінді. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через