Алматыда ерлі-зайыптыны атып кетті: күдікті қолға түсті

Алматыда ерлі-зайыптыны атып кетті: күдікті қолға түсті
фото: © AP Photo / Dieu Nalio Chery

Күдікті жәбірленушілердің үйінде жиһаз орнатқан. Сол кезде сейфті байқап қалған

Алматыда полицейлер 20 желтоқсанда қаланың Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлады Polisia.kz.

Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталды.

"Бұл – Жетісу өңірінен келген 38 жастағы азамат. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ерлі-зайыптының үйіне барып, жаңа жиһаз орнатып берген. Сол кезде сейфті байқап қалып, тонауды жоспарлаған.

Қаскөй бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, таңертең олардың есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмек шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталады.

ҚазАқпарат