фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/skynesher
Түрксіб ауданының прокуратурасы қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысы 1656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген еңбек заңнамасын бұзғандығын анықтады.
Үстеме жұмыстардың артуы, ауысымаралық демалыс ұзақтығының қысқаруы және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуі анықталды.
Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Талдау нәтижелеріне сәйкес тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды, жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через