Абай облысында тегін дәрі-дәрмек QR код арқылы беріле бастады

Абай облысында тегін дәрі-дәрмек QR код арқылы беріле бастады
фото: https://pixabay.com/ru/

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің араласуынан кейін Абай облысында QR код бойынша тегін дәрі-дәрмек беріле бастады.

"2024 жылы Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында Бірыңғай дистрибьютор – "СК-Фармация" ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды. Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді", - деп хабарлады Антикор.

Медициналық мекемелер нақты жағдайды жасыру үшін жалған рецептер жазылған. Құжатқа сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

"Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханасында EGOV Mobile қосымшасының "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде QR код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде", - деп жазылған хабарламада.

QR код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба іске қосылды және барлық республика бойынша қолданысқа енгізіледі.

2024 жылы науқастар санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 жылы – 77,6 мың, 2024 жылы – 88,8 мың) Абай облысында жазылған рецептер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 жылы – 707,6 мың рецепт, 2024 жылы - 682,4 мың рецепт).

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмекті жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.

ҚазАқпарат